Жәнібек Әлімханұлы америкалық «жыртқышты» тізе бүктірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (3-0, 1 КО) кәсіби рингтегі өзінің 4-ші кездесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Sports.kz.

Айта кетейік, ол Эль-Пасодағы бокс кешінде (АҚШ, Техас штаты) өнер көрсетіп, өзінің қарсыласы америкалық Александер Вонды (12-1, 8 КО) уақытынан бұрын жеңді. 

Төрешілердің шешімімен Жәнібек Әлімханұлы жеңімпаз деп танылды. Осылайша, оның кәсіби рингтегі есебінде 4 жеңіс бар. Ал Александр болса екінші рет жеңіліс тауып отыр.

Осы ретте айта кететін мәселе, Жәнібектің америкалық қарсыласы Александер Вон 2004 жылдың соңында рекорд орнатып, әлемдегі ең танымал спортшылардың бірі болған. Кейін ол қарулы тонау әрекетіне қатысқаны үшін түрмеге түсіп, темір тордың арғы жағында 11 жылын өткізді. 2016 жылы ол рингке қайта оралды.  

Осыған дейін Жәнібек Әлімханұлының 11 жыл түрмеде отырған америкалық «Жыртқышпен» кездесетіндігі хабарланған болатын.

Соңғы жаңалықтар