+7 (701) 759 90 19
USD 420.67 EUR 510.99
RUB 5.58 CNY 64.92
Jańalyqtar

Жәнібек Әлімханұлы Америкада жаттығуын бастады

2021 жылғы 13 қаңтар 11:31
Бөлісіңіз:
Жәнібек Әлімханұлы Америкада жаттығуын бастады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Қазақстандық кәсіпқой боксшы, WBC Continental Americas және WBO Global титулдарының иегері Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) жақын арада кезекті жекпе-жек өткізетіндігін мәлімдеді. Бұл туралы боксшы Твиттердегі парақшасында жазды.

«Біз Америкада жаттығуға кірістік. Енді жекпе-жектің өтетін күнін және қарсыластың кім болатындығын күтеміз», –деп жазды.


Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық боксшы «Әлемге жаңа чемпион, жаңадан көретін боксшы керек!» деп мәлімдеме жасаған еді. Ол орташа дивизиондағы басқа чемпиондар Джермалл Чарло, Сауль «Канело» Альварес жәнен Деметриус Андрадеге бірнеше рет үндеу жіберген.

Жәнібек Әлімханұлы орта салмақтағы WBO Global чемпионы. Соңғы жекпе-жегін қыркүйек айында өткізген. Ол кезде аргентиналық боксшы Гонсало Корияны (16-4, 6 КО) екінші раундта нокаутқа түсірді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT