Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағына қатысты пікір білдірді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Орта салмақтағы уақытша әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы Twitter желісінде толыққанды әлем чемпионы мәртебесі туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандық боксшы әлеуметтік желідегі парақшасында өзінің Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBO) нұсқасы бойынша толыққанды әлем чемпионы деп танылғаны туралы хабардан кейін:

«Ресми жаңалықты күтеміз» деп жазды.

Инсайдер Рик Глейзер бүгін Әлімханұлының толыққанды чемпион атанғанын хабарлады. Айта кетейік, бұған дейін толыққанды әлем чемпионы болған американдық боксшы Деметриус Андраде қазақстандықпен титулдық жекпе-жектен бас тартып, екінші орта салмақ дәрежесіне өткені айтылуда.

Еске салайық, қазір Жәнібек Әлімханұлы WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы «уақытша» әлем чемпионы.

Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly




Соңғы жаңалықтар