Жәнібек Әлімханұлы алдағы жекпе-жегінде бірден екі титул үшін айқасады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы өзінің алтыншы жекпе-жегінде бірден екі титул үшін айқасатын болады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасап.

Орта салмақтағы WBO Global жәнеWBC Continental Americas атақтары үшін шайқас 12 сәуір күні Лос-Анжелесте өтеді. Ж.Әлімханұлының қарсыласы мексикалық Кристиан Оливас болмақшы, ол үшін бұл жекпе-жек спорттық мансабындағы 21-ші айқас. Ал Ж. Әлімханұлы кәсіби рингке алтыншы рет шықпақшы.

Бұған америкалық менеджер Эгис Климас өз таңданысын білдірді.

«Алтыншы жекпе-жегінде-ақ WBO Global және WBC Continental Americas титулдары үшін айқасқа түсетін Жәнібек Әлімханұлын мақтан тұтамын», - деп жазды ол өзінің Инстаграмдағы парақшасында.

Жекпе-жекті 12 сәуір күні Qazsport телеарнасынан тікелей эфир арқылы көруге болады. Басталуы Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 07:00-де.

Соңғы жаңалықтар