Жандос Еркінбек Қармақшы ауданының әкімі болып тағайындалды

None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Әкімшілігі мен аудандық мәслихатының келісімі бойынша Қызылорда облысы Қармақшы ауданының әкімі болып Жандос Еркінбек тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жандос Еркінбекұлы 1983 жылы Қармақшы ауданында дүниеге келген.

2004 жылы Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери институтын «бөлімшелердің қызметтік-жауынгерлік іс-қимылын басқару», 2008 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін «құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2004 жылы әскери қызметтен бастап, 2013 жылға дейін түрлі әскери лауазымдарда еңбек еткен.

2013-2018 жылдары бірқатар компанияларда түрлі деңгейдегі жауапты басшылық қызметтерде болған.

2019-2021 жылдары Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының бөлім басшысы, 2021-2022 жылдары Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2022 жылдың мамыр айынан бастап Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымында еңбек еткен.

Соңғы жаңалықтар