+7 (701) 759 90 19
USD 386.44 EUR 428.37
RUB 6.06 CNY 54.93
Jańalyqtar

Жәндіктердің жойылу проблемасы біз ойлағаннан да ауқымды – ғалымдар

2019 жылғы 5 қараша 22:08
Бөлісіңіз:
Жәндіктердің жойылу проблемасы біз ойлағаннан да ауқымды – ғалымдар

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ғалымдар жәндіктердің саны азайып жатқанын дәлелдеген еді. Соңғы зерттеулер нәтижесінде олар бұл проблема біз ойлағаннан да ауқымды екенін анықтады, деп жазады Tages-Anzeiger.

Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстауда заңсыз қоқыс төгу көбейіп барады Қазақстандықтардың экологиялық жағдайға қызығушылығы артты - министр Маңғыстау облысындағы мұнай қалдықтарын тастайтын полигон тексерілетін болды

Швейцарияның орман, қар және ландшафт зерттеу институты мен Берн университетінен құралған халықаралық команда 2008-2017 жылдар аралығындағы көрсеткіштерді сараптаған. Олардың айтуынша, соңғы он жылда жәндіктердің барлық түрлерінің үштен бірі жойылып кеткен. Бұл туралы экологтар Nature журналында жазды.

«Зерттеушілер Германияның үш аумағындағы 300 ауданда кездесетін миллионға жуық жәндіктерді жинаған. Ол шамамен 2,7 мың түр өкілдері болған. Ғалымдар ауыл шаруашылығы жақсы дамыған жерлерде жәндіктердің жойылу қарқыны жоғары екенін анықтаған» деп жазады басылым.

Автордың айтуынша, орманды жерлерде жәндіктердің түрлері 36%-ға азайған.

Сонымен қатар, олардың жалпы саны да кеміп жатыр. Ғалымдар ормандағы жәндіктердің биомассасы он жылда 41%-ға азайғанын айтты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Экология, Әлем,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айкүміс Болатбек

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT