ЖАНДЕРКИН АБДУЛҒАЗИЗ ЫБЫРАЙҰЛЫ

None
None
Жандеркин Абдулғазиз Ыбырайұлы (1905-1983) - ғалым, биология ғылымының кандидаты, Қазақ Ауыл шаруашылығы академиясының корреспондент-мүшесі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

Қарағанды облысы Қарқаралы қаласында дүниеге келген. Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын (Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген. 1929-1935 жылдары - Қарақалпақстан және Қазақстан жоспарлау комитеттерінде, 1935-1954 жылдары Қазақ мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында әр түрлі қызметтер атқарған. 1954-1955 жылдары - Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы көрмесінің Қазақстан павильонының директоры және аға әдіскері. 1955-1957 жылдары - Қазақстан Ғылым академиясының Эксперименттік биология институтының зертхана меңгерушісі. 1957-1960 жылдары - Қазақстан Ғылым академиясының Эксперименттік биология институтының директоры, 1960-1962 жылдары - Гурев (қазіргі Атырау) ауыл шаруашылығы тәжірибе стансасының директоры. 1962-1963 жылдары - Қазақстан Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің директоры қыметтерін атқарған. 1963 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақстан Ғылым академиясының Эксперименттік биология институтының ауыл шаруашылығы малдары генетикасы зертханасының меңгерушісі, кеңесшісі қызметтерін атқарды.

Негізгі ғылыми еңбектері Қазақстанда мал шаруашылығын, оның ішінде қой және ешкі өсіруге арналған. А.Жандеркин Қазақстанда мал шаруашылығын дамыту жолында зор еңбек сіңірген. Ол қазақтың арқар-меринос қойын шығарғаны үшін бір топ ғалымдармен бірге КСРО Мемлекеттік сыйлығын алған.

Как создавался казахский архаромеринос «Колхозное производство» (1951), Разведение шерстеных коз (1950), Анатомия и физиология животных (бірігіп шығарған, 1954), Мясо-сальное овцеводство Казахстана (1964) атты еңбектерінің авторы.

«Құрмет Белгісі» орденімен және көптеген медальдармен марапатталған.

Дерек көзі:

Қазақстан ұлттық энциклопедиясы 3 том.

Соңғы жаңалықтар