Жандарбек Бекшин: Талаптарды елемеу вирус жұқтырғандардың көбеюіне әкелуі мүмкін

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Құрбан айт мерекесі кезінде бұқаралық шараларға қатыспауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, шектеу шараларының барлығы коронавирустың таралуын болдырмау үшін жасалып жатыр.

«Алматы тұрғындарынан карантин шараларына түсіністікпен қарауды сұрамын, өйткені мегаполистегі жаңа «дельта» штамы қауіп төндіреді. Талаптарды елемеу вирус жұқтырғандардың көбеюіне әкелуі мүмкін»,- дейді ол.

Сонымен қатар, ол алматылықтар коронавирус инфекциясын қай жерде жиі жұқтыратынын айтты.

«Өткен аптамен алдыңғы кезді салыстырғанда, отбасыларда КВИ жұқтыру деңгейі 9%-ға, туыстарымен, көршілерімен, достарымен байланыс кезінде 0,2%-ға төмендеді. Бұл отбасыларда вакциналанған мүшелердің айтарлықтай өсуі. Бұл ретте сауда нысандарында жұқтырудың 31%-дық жоғары деңгейі байқалады. Өткен аптада 0,5%-ға өсумен, супер-гипермаркеттерде 2,2%-ға және орамішілік азық-түлік дүкендерінде 1%-ға және азық-түлік емес дүкендерде 0,5%-ы құрады. Асханаларда жұқтыру 0,4%-ға, монша мен сауналарда 0,9%-ға, Ashyk жобасына қатысушы нысандарында 0,5%- ға және қала маңы аймағына бару кезінде 0,2%-ға артқаны байқалады», – деді Жандарбек Бекшин.
Соңғы жаңалықтар