Жандарбек Бекшин: Оқушылар - коронавирусты гипертаратушылар

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы қаласының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин офлайн форматта оқитын мектеп оқушылары арасында коронавирус инфекциясының таралу үдерісі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның мәліметінше, мектеп оқушылары инфекцияны гипертаратушылар.

«Біз оқушыларға ерекше назар аударымыз. Себебі олар инфекцияның гипертаратушылары. Қазір қалада 287 мың бала офлайн форматта оқып жатыр. 1 қыркүйектен бастап 1 287 оқушы ауырды, оның 15-і стационарларға түсті, қалғандары жеңіл түрімен ауырғандықтан үйде оқшауланды. Қазір олардың 900-ден астамы мектепке оралды. Сонымен қатар, онлайн-оқуда қалған оқушылар арасында 1 039 адам жұқтырды. Біз мектепте оқитындардың тек 0,45 пайызы, ал онлайн режимінде оқитындардың 5,4 пайызы ауырғанын көріп отырмыз. Офлайн оқуда оқушылардың аурушаңдығы 12 есе төмен болды», - деді Жандарбек Бекшин.

Спикердің сөзінше, мектептерде оқитын балалар 12 есе аз ауырды.

«Алматының бірде-бір мектебі және ауысымдардың ешқайсысы 1 қыркүйектен бастап карантинге жабылған жоқ. Білім мекемелерінің 30 пайызында коронавирус анықталған жағдайда ғана мектептер жабылады. Бізде мұндай жағдай тіркелген жоқ. Керісінше, тамыз айынан бастап оқушылар арасында сырқаттану тәулігіне 100 жағдайдан тәулігіне 38-42 жағдайға дейін азайды»,-дейді ол.


Соңғы жаңалықтар