+7 (701) 759 90 19
USD 435.76 EUR 493.41
RUB 5.89 CNY 68.37
Jańalyqtar

Жандарбек Бекшин неге тойға бармайтынын түсіндірді

2021 жылғы 21 қазан 15:46
Бөлісіңіз:
Жандарбек Бекшин неге тойға бармайтынын түсіндірді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында журналистердің «тойға барасыз ба?» деген сұрағына жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жандарбек Бекшин коронавирус жұқтырудан қорықпайтынын айтты. Өйткені ол бұрын ауырып, екпе алған. Бас дәрігер соған қарамастан тойға бармайтынын жеткізді.

«Егер көпшілік жиналатын іс-шаралар туралы айтатын болсақ, вирус жұқтырып жазылғаныма, вакцина алғаныма қарамастан онда бармауға шақырамын. Өйткені тасымалдаушы болуым мүмкін. Яғни ауырмасам да, оны басқаларға тасымалдауым мүмкін. Мысалы, отбасыма. Сондықтан бүгінде тойларға барудан бас тартамын», - деп жауап берді ол. БАҚ өкілдері Жандарбек Бекшиннен демалыс күндерін қалай өткізетіні туралы сұрады. «Cенбі күні мен жұмыстамын, жексенбі күні таза ауада серуендеймін. Сенбі-жексенбі күндері бір сағат үстел теннисін ойнаймын», - деді Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT