Жандарбек Бекшин қызылшаның өршуіне қатысты түсініктеме берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы - бас мемлекеттік санитар дәрігер Жандарбек Бекшин Алматы мен Ақмола облыстарында қызылшаның өршуіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қызылша Астанада кең тарап, Алматы мен Алматы облысында біршама артып отыр. Алматыда 50, Ақмолада 41 оқиға тіркелген. Бұл - зертханалық натыланған оқиғалар. Қажетті вакцина көлемі бар», - деді ол Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне.

Оның айтуынша, биыл негізінен балалар арасында қызылша өршіп тұр. Науқастанғандардың 60-70 пайызын балалар құрайды. Қызылша қаупі сейілмей отырған 3 өңір тұрғындарына ауруға қарсы екпе 9 ай кейін салынатын болады.

«Қазір 100 мың тұрғынға жететін вакцинаға қосымша тапсырыс бердік. Бұл қызылшаға қарсы моновакцина. Сонымен қатар Дүниежүзілік сауда ұйымы тарапынан қызылшаға қарсы ди-вакциналарды тегін алу мәселесін қарастырып жатырмыз. Қоса кетерлігі, 90-шы жылдарда және 2000 жылдардың басында вакцина алған ересек адамдар ішінде де қызылшамен ауырлғандар бар», - деді Жандарбек Бекшин.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ақмола облысында күн суытқаннан бері қызылшаға байланысты 49 оқиға тіркелді. Ал Ақтөбеде 7 бала қызылша жұқтырып, ем қабылдап жатыр.

Жалпы соңғы 2 айда Қазақстанда 968 адам қызылша ауруын жұқтырған, оның 80 пайызы - балалар

Соңғы жаңалықтар