Жандарбек Бекшин Қытайдан келген азаматтардан емханаға баруды өтінді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда адамдардың дене қызуының көтерілуі жиілеп кетті. Бұл туралы Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз 6 қаңтардан бастап Қытайдан келген барлық шетелдікпен және азаматтарымызбен байланыс орнаттық. Олармен Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері және жергілікті медицина қызметкерлері тікелей хабарласып отыр. Барлығынан емханаларға баруларын сұраймыз. Ауру адамдар, әсіресе дене қызуы бар адамдар біздің мамандардың көмегіне жүгінуі және есепке тұрулары керек. Олар 14 күні бойы күнделікті медициналық бақылауда болады», -деді Жандарбек Бекшин.

Оның айтуынша, қазіргі таңда елімізде коронавирусқа байланысты емес адамдардың дене қызуының көтерілуі жиілеп отыр.

«Бұл жыл сайын болатын маусымдық ЖРВИ мен тұмаудың өршу кезеңімен тұспа-тұс келіп тұр. Осы аурулардың алғашқы белгілері бірдей болады. Сондықтан ең алдымен коронавирустың алдын алу үшін, халыққа түсіндіру үшін журналистер мен блогерлерден алдын алу шараларын шатастырмауды, жауапкершілік сақтауды сұраймын», - деді бас санитарлық дәрігер.


Соңғы жаңалықтар