+7 (701) 759 90 19
USD 445.84 EUR 490.47
RUB 5.73 CNY 62.87
Jańalyqtar

Жандарбек Бекшин Қытай шекарасындағы жағдай қандай екенін айтты

2020 жылғы 26 ақпан 16:31
Бөлісіңіз:
Жандарбек Бекшин Қытай шекарасындағы жағдай қандай екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин Қытаймен шекарадағы жүк көлігі жүргізушілерін тексеру жұмыстары туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордада коронавирус жұқтырғандардың жағдайы қалай Қазақстандық веб-сайттарға кіру тегін болады Атыраудан бірқатар бағытқа қатынайтын автобустар қозғалысы тоқтатылды

«Қытаймен шекараны аралау нәтижесінде, қытайлық және біздің тараптың ауру жұқтыру қаупін азайту мақсатында Қазақстанның аумақтық департаменттеріне, шекара қызметі мен кеден қызметіне міндеттемелерді бөлу схемаларын жасау тапсырылды», - деді Жандарбек Бекшин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен бірге, Ж. Бекшин Қазақстан мен Қытай арасында жүк тасымалының тоқтамағанын атап өтті.

«Жүк тасымалымен айналысатын қызметкерлерге, оның ішінде жүргізушілерге қатысты еш қауіптің жоқтығын анықтадық. Газбен айналысатын көлік жүргізушілері үшін де қауіп жоқ. Олар кедендік аймаққа екі сағатқа кіреді және Қазақстанға өтпейді. Басқа да ауыр жүк көліктері жүргізушілері шекара аймағында тұр. Қытайлық тараптан да, біздің тараптан да шаралар қабылдап жатыр. Көлік жүргізушілері бақылауға алынған», - деді бас дәрігер.

Оның айтуынша, тексеру жұмыстары күніне екі рет жүргізіледі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT