+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Жандарбек Бекшин коронавирустың «йота» штамы туралы айтты

2021 жылғы 9 қыркүйек 12:48
Бөлісіңіз:
Жандарбек Бекшин коронавирустың «йота» штамы туралы айтты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирустың «йота» штамы қаншалықты қауіпті екендігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордада пандемияға қарсы іс-қимыл мәселелері таразыланды Вакцина салдырған студенттер iPhone және басқа да бағалы сыйлықтар ұтып алуда Қарашадан бастап вакцина алған барлық шетелдіктер АҚШ-қа кіре алады

Оның айтуынша, «йота» штамы қарт адамдар арасында коронавирустан қайтыс болу деңгейін арттыруы мүмкін.

«Йота» өткен жылдың қарашасында Нью-Йоркте табылған. Оның жұқпалылығы Ухан вирусына қарағанда 15% жоғары. Бүгінде қауіпті штамм әлемнің 27 елінде анықталды. Бұл штамм туралы көптеген мәліметтер бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да алаңдап отыр. Көбінесе 65 жастан асқан адамдар зардап шегеді»,- дейді Жандарбек Бекшин.

Спикер «дельта» штамының жұқпалылығы Ухань штамынан үш есе жоғары екенін тілге тиек етті. Сондықтан қазіргі уақытта коронавирустың «дельта» штамы «йота» штамына қарағанда қауіпті.

«Бүгінде «дельта» «йотаны» ығыстырды, сонымен қатар АҚШ-та да басым. Біздің міндет - ел кеңістігін басып қалған «дельтаның» неғұрлым жұқпалы штамына қарсы тұру», - деп атап өтті ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT