Жандарбек Бекшин: Коронавирустың екінші толқыны күзде басталуы мүмкін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин COVID-19 екінші толқыны туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мұндай пікірге негіз бар, өйткені коронавирус инфекциясы жіті респираторлық вирустық инфекция болып саналады. Бірақ, ЖРВИ күз бен қыстың басында, салқын уақытта басталады. Сондықтан, мен де коронавирустың екінші толқыны күзгі уақытта басталуы мүмкін деп есептеймін», - деді Жандарбек Бекшин Алматы телеарнасына берген сұхбатында.

Сонымен бірге, дәрігер қала тұрғындарына босаңсымауға кеңес берді.

«Инфекция жұқтыру жағдайлары әлі де тіркеліп жатыр және эпидемиологтар ұсынған шектеулер мен қағидалар сақталуы тиіс», - деді ол.

Оның айтуынша, 11 мамырдан кейінгі карантин режимі бойынша көптеген сұрақтар түсіп жатыр. Әзірге республиканың бас санитарлық дәрігерінің тиісті қаулысы күтілуде.

«Әрине, негізгі қаулыда айтылмаған тұстарды қосамыз. Және олардың қатаң сақталуын сұраймыз», - деді Ж. Бекшин.

Еске салайық, Алматының бас санитарлық дәрігері қалада карантин режимі 11 мамырдан кейін де сақталатынын айтқан болатын. Осыған байланысты шаһарға кіреберіс жолдардағы блокпостар жұмысын жалғастырады,



Соңғы жаңалықтар