Жандарбек Бекшин есікті іштен жауып, жұмыс істейтін клубтармен жаңа тәсілмен күреспек

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласындағы мониторинг топтардың құрамына Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары кіреді. Бұл туралы онлайн брифинг барысында санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, кебір мейрамханалар мен түнгі клубтар карантин шараларына қарамастан жасырын түрде келушілерді қабылдап, есікті іштен кілтеп алады.

«Біз алдағы уақытта мониторингілік топтың құрамына Төтенше жағдайлар департаменті мамандарын кіргіземіз. Олардың арнайы құралдары бар. Соны пайдалану арқылы есікті ішенен жауып алған ғимараттарға кіруге болады. Бұл мәселені шешеміз»,– деді Жандарбек Бекшин.

Бұған дейін Жандарбек Бекшин Алматыдағы эпидемиологиялық жағдайдың күрделі екенін айтқан болатын.



Соңғы жаңалықтар