+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

Жандарбек Бекшин: «Дельта» штамын көбіне жастар жұқтыруы мүмкін

2021 жылғы 23 маусым 13:52
Бөлісіңіз:
Жандарбек Бекшин: «Дельта» штамын көбіне жастар жұқтыруы мүмкін

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирустың жаңа «дельта» штамы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, жаңа «дельта» штамының белгісі суық тию симптомдарына ұқсас.

«Бұл штамды көбінесе жастар жұқтырады. Басты симптомы – бас ауруы, тұмау, ангина, жоғары температура. Иіс сезу қабілеті жоғалмайды және жөтел болмайды», – деді Жандарбек Бекшин.

Сондай-ақ іштің ауыруы, құсу, тыныс жолының тарылуы мүмкін.

Жандарбек Бекшин тек вакцина ғана ауруды жұқтырмауға әрі өлімді азайтуға септігін тигізетінін атап өтті.

«Бүгінде Алматыда 386 222 адам вакциналанды. Өткен тәулікте коронавирусқа қарсы 5 840 адам екпе алды. 60 жастан жоғары екпе алған адам саны - 49 314. Жастар қорғаныс шараларына жауапкершілікпен қарап, вакцина алуға баруы керек»,- деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT