+7 (701) 759 90 19
USD 432.64 EUR 505.02
RUB 5.47 CNY 64.7
Jańalyqtar

Жандарбек Бекшин бас мемлекеттік санитар қызметінен кетті

2020 жылғы 20 наурыз 19:21
Бөлісіңіз:
Жандарбек Бекшин бас мемлекеттік санитар қызметінен кетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жандарбек Бекшин Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметінен кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Гүлмира Қалмұратова Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды СҚО-ның Тайынша ауданына жаңа әкім тағайындалды Ұлттық статистика бюросына жаңа басшы тағайындалды

«ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың бұйрығымен Бекшин Жандарбек Мұхтарұлы Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметінен босатылды. Бірақ ол Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары қызметінде қала береді. Қазіргі таңда ол жұмыс бабымен Алматыда жүр. Оның орнына департамент директоры Ешмағамбетов Айжан Серікбайқызы Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігер қызметіне тағайындалды», - деді ҚазАқпарат тілшісіне министрліктің ресми өкілі Диас Ахметшәріп.

Айта кетсек Жандарбек Бекшин 1958 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. 2019 жылдың маусым айынан бері Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары - бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметін атқарған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT