Жандарбек Бекшин Алматының бас санитарлық дәрігері болып тағайындалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының жаңа бас санитарлық дәрігері тағайындалды. Бұл туралы ҚазАқпарат ДСМ сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Жауапты хатшысының бұйрығымен 2020 жылғы 18 сәуірден Жандарбек Мұхтарұлы Бекшин Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері болып тағайындалды.

Айта кетсек Жандарбек Бекшин 1958 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. 2019 жылдың маусым айынан бері Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары - бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметін атқарған.

Бұған дейін Жандарбек Бекшин Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметінде болып, лауазымынан босатылған еді.



Соңғы жаңалықтар