+7 (701) 759 90 19
USD 420.32 EUR 509.34
RUB 5.7 CNY 64.85
Jańalyqtar

Жандарбек Бекшин алматылықтарға шет мемлекеттерге бармауға кеңес берді

2020 жылғы 20 қазан 12:14
Бөлісіңіз:
Жандарбек Бекшин алматылықтарға шет мемлекеттерге  бармауға  кеңес берді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин алматылықтарды шет елге шықпауға және қоғамдық көліктерге мейілінше отырмауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Коронавиурсты ықтимал екінші толқынына байланысты стандартты сақтық шараларын елемеуге болмайды, яғни қонақ шақыруға, жаппай отбасылық іс-шаралар өткізуге, адамдар көп жиналатын жерге барудан аулақ болған жөн. Қоғамдық көліктерге шұғыл болмаса отырмауға және шет елдерге қажеттілік туындамаса шықпауға шақырамын. Отабасындағы егде жастағы адамдар мен кішкентай балаларды қорғауға кеңес беремін»,– деді Жандарбек Бекшин.

Сонымен қатар, ол ЖРВИ жұқтырған жағдайда өз бетінше емделмеу керектігін ескертті.

«Егер суық тиюдің белгілерін байқасаңыз, отбасы мүшелерінен оқшауланыңыз және дәрігерлерді шақырып, медициналық көмекке жүгініңіз»,– деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT