Жандарбек Бекшин Алматыда соңғы қоңырау шарасы қалай өтетіні туралы айтты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қалалық бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында қалада соңғы қоңырау қалай өтетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, бүгін қала әкімінің орынбасарының қатысуымен мектеп директорларының жиналысы өтті.

«Қазіргі ахуалды ескере отырып, бұл шараны қалай қауіпсіз өткізуге болатындығын талқыладық. Мектеп бітіру туралы аттестаттар жалпы мектеп бойынша емес, класс бойынша өтетін болады. Әлеуметтік қашықтық, ата-аналардың әрекеті, сынып оқушыларын орналастыру бойынша барлық талаптарды ескердік. Балалар карантин талабына сай бір-бірімен байланыспауы керек», - деді Жандарбек Бекшин.


Соңғы жаңалықтар