Жандарбек Бекшин: Алматыда эпидемиологиялық ахуал жақсарып келеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда эпидемиологиялық ахуал жақсарып келеді. Алматы қаласының мемлекеттік бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір Алматыда эпидемиологиялық жағдай жақсарды. Обективті түрде қарайтын болсақ күнделікті өсу көрсеткіші 1 айдың ішінде 4,2 пайыздан 1,4%-ға төмендеген. Вирус жұқтырудың төмендеуіне қалада жүргізіліп жатқан алдын алу жұмыстары септігін тигізді. Одан бөлек қатаң шектеу шаралары енгізілген еді», – дейді Жандарбек Бекшин.

2020 жылдың 7 тамыздағы жағдай бойынша Алматы қаласында коронавирус инфекцияна қатысты 12 997 жағдай тіркелді, оның 7 897-сі симптомды, 5110 симтомсыз.


Соңғы жаңалықтар