Жаңбырлатып суаратын машиналар құрастыратын зауыттар салынады – АШМ

None
Photo: istockphoto.com
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан аумағында жаңбырлатып суаратын құрылғылар шығаратын зауыттар салынады. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өз қаражаты есебінен Қазақстанда жобаларды іске асыру мүмкіндігі бар инвесторларды тарту бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Мәселен, израильдік «METZERPLAS» (Алматы қаласында) компаниясы осы күзде тамшылатып суаруға арналған құбырлар шығаратын зауытты іске қосуды жоспарлап отыр. Бұдан бөлек, менің Қытайға жұмыс сапарым аясында қытайлық VODAR компаниясымен өзара түсіністік туралы меморандумға, сондай-ақ жаңбырлатып суару машиналары өндірісі жөніндегі жол картасына қол қойылды. Яғни, 2023 жылдың соңына дейін осы машиналарды жинау және құрастыру цехын құру жоспарлануда», - деді Е. Қарашөкеев.

Оның айтуынша, AFKO (Атырау облысында) түрік компаниясы биыл жаңбырлатып суару машиналар шығаратын зауыт ашуды жоспарлап отыр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл 1,5 млн гектар суармалы жер игеріледі.

Мақта егілетін алқаптарды 14,8 мың гектарға азайту жоспарланып отыр.


Соңғы жаңалықтар