Жаңбырдан әбігерге түскен ақтөбеліктер әкімдіктен көмек сұрады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы, Ембі қаласындағы көпқабатты үй тұрғындары жаңбырлы күні үйін тастап, далаға шығады. Осылай әбігерленген олар әкімнен көмек сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ембі қаласындағы тұрғындар бір кездері көпқабатты үйді тастап кетіп, соңғы жылдары қайта қоныстанды. Дегенмен бұл қалада тағы екі көпқабатты үй бос тұр. Ал өз күштерімен пәтерін жөндеп алған тұрғындар жазда сусыз отырады, қыстан тоңып шығады. Ал жаңбырлы күні төбеден су сорғалайды, ток соғу қаупі де бар. 

«Көпқабатты үйде 6 жылдан бері тұрамын. Үйіміздің сырты қапталмаған, төбесі жабылмаған. Күз бен көктемде төбемізден су ағып, мазамызды алып тұр. Жыл сайын 15-20 мың теңгеден ақша жинап, төбемізді жамап қоямыз. «Терможаңғырту» бағдарламасына келісеміз, несие төлесек те болады. Жыл сайын әкімдікке барамыз, олар уәде беруден шаршаған емес», - қала тұрғыны Қаламқас Көшербаева.

Ембі қаласындағы көпқабатты үйде жылу жиі тоқтатылады. Себебі, жертөледегі құбырлар шіріп, су кетіп қалады.

«Өзім зейнеткермен, медбике болып жұмыс істедім. Бұл үйде 1985 жылдан бері тұрамын. Жыл өткен сайын үйіміздің жағдайы кетіп, халі мүшкіл күйге түсті. Шатырды жөндеуге өзіміз ақша жинаймыз. Әкімдікке барған кезде 100 мың теңгеден жинап, несие алу жолдарын ұсынды. Жылу болмаған күні пеш қосамыз»,- деді көпқабатты үй тұрғыны Галина Носарева.

Осы үйде 2011 жылдан бері тұратын Мәдина Аймағамбетова төбеден су аққан кезде ток соғып, далаға қашып шығатынын айтып берді.


Ембі қаласының әкімдігі ғимаратына жақын орналасқан көпқабатты үйдің мәселесі алдағы жылдары шешілуі мүмкін.

«Үйді қалпына келтіруге арналған жұмысты әкімдік өз қолына алды. Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі жобалық-сметалық құжат дайындап, келер жылы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында жөнделеді. Бұл үйдің бірінде 20-30 отбасы бар. 5 қабатты үйдің 4-қабатында ғана адамдар тұрады. Шынын айтқанда бұл үйдің дәл осылай бос тұрғанына 25 жыл болды. 1994 жылы адамдар тастап кетті», - деді Ембі қаласының әкімі Әлімжан Қорғанбай.

Айта кетейік, бұл үйді жергілікті кәсіпкерлердің бірі мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жөнделуі мүмкін. Үш жылдық жоспар іске асса мұнда кезекте тұрған адамдар қоныстанады. Мұғалжар аудан бойынша 250-ден астам адам пәтер кезегінде тұр. 

null 

Соңғы жаңалықтар