+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Жаңбыр, найзағай, бұршақ: 28 шілдеге арналған ауа райы

2021 жылғы 28 шілде 00:20
Бөлісіңіз:
Жаңбыр, найзағай, бұршақ: 28 шілдеге арналған ауа райы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 28 шілде күні ел аумағының басым бөлігінде күн ашық болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қазгидромет: Қыркүйектің 15-і күнгі ауа райы болжамы Қазгидромет: Қыркүйектің 14-і күнгі ауа райы болжамы Бүгін Нұр-Сұлтанда қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады

Сәрсенбіде тек еліміздің солтүстік, солтүстік-батыс, батыс және оңтүстік-шығысында атмосфералық ауа ағындарының әсерінен өткінші жаңбыр жауады, бұршақ күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстік және оңтүстік-шығыста шаңды дауыл тұруы ықтимал.

Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде шыңды дауыл, желдің күшеюі 15-20 м/с, Түркістан облысында екпіні 23 м/с.

Күндіз Ақмола, Алматы, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұршақ түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды, Маңғыстау, күндіз Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Күндіз Жамбыл, Алматы облыстарында аптап ыстық сақталады.

Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында жоғары өрт қаупі сақталады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT