Жаңбыр, қар, көктайғақ: Қазгидромет ақпанның 4-і күнгі күн райы болжамын жариялады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК-сы ақпанның 4-і күнгі күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кәсіпорынның болжамына қарағанда, республикамыздың басым бөлігі оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктердің ықпалында болады. Осыған байланысты күн райы құбылып тұрады, кей жерлерде жауын-шашын болса, оңтүстікте, оңтүстікте кей уақытта нөсер жаңбыр, қалың қар түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді. Елдің солтүстік аймақтарына антициклон жотасы әлі де болса әсерін тигізіп, күн жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша тұман түседі.

Түнде және таңертең оңтүстікте, Түркістан облысының таулы аймақтарында жауын, қар жаууы ықтимал.


Соңғы жаңалықтар