Жаңбыр, екпінді жел: 25 сәуір күнгі ауа райы болжамы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 25 сәуір күні Қазақстанның басым аумағында жаңбыр жауады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде қатты жаңбыр күтіледі. Республиканың батысында ғана ашық күн райы болжанады. Жекелеген аймақтарда тұман мен екпінді жел сақталады, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде желдің екпіні 25 м/с күшейетіні күтіледі, жекелеген аумақтарда бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік Қазақстан мен Қостанай облыстарында тұман болжанады.

Павлодар облысының түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде желдің жылдамдығы 25 м/с артуы мүмкін.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, бұрша күтіледі. Желдің күші 23-28 м/с жетуі ықтимал.

Алматы облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін.

Шығыс Қазақстан, Түркістан, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін.

Маңғыстау облысында түнде және таңертең тұман болжанады.

Соңғы жаңалықтар