Жаңбыр, бұршақ, жел - жексенбіге арналған ауа райы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 24 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның басым аумағында атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты жауын-шашын жауады, республиканың оңтүстігінде түнде және таңертең таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады.

Тек оңтүстік-батысы, солтүстігі мен солтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында кей жерлерде жел күшейеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, найзағай, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Түркістан облысында түнде және таңертең кей жерлерде найзағай, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысында күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысында Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Ақмола, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, түнде және таңертең Атырау облыстарында кей жерлерде тұман, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында көктайғақ болады.

Соңғы жаңалықтар