Жаңбыр, бұршақ, дауыл: Нұр-Сұлтанда және бірнеше өңірде ескерту жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарати – «Қазгидромет» РМК ауа райының нашарлауына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, 27-28 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында жаңбыр, кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. 27 маусымда күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, 27 маусым таңертең және күндіз, 28 маусымда тәулік бойы екпіні 15-20 м/с жетеді. 27 маусымда ауа температурасы күндіз 10-12 градус жылыға дейін төмендейді.

27 маусымда Қостанай облысында жаңбыр жауады. Кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. Жекелеген аумақтарда найзағай, дауыл, бұршақ болжанады. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. 27 маусымда ауа температурасы түнде 3-11, күндіз 13-18 градус жылыға дейін төмендейді.

27-28 маусымда Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Сондай-ақ найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы 15-20, 23-28 м/с жетеді. 27-28 маусымда термометр түнде 2-10, күндіз 10-18 градус жылыға дейін төмендейді.

27-28 маусымда Павлодар облысында жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Найзағай, бұршақ, дауыл болжанады. Солтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады. 27 маусымда түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз екпіні 23-28 м/с жетуі ықтимал. 28 маусымда ауа температурасы түнде 5-10, күндіз 10-18 градус жылыға дейін төмендейді.

27-28 маусымда Қарағанды облысында жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. 27 маусымда солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с құрайды. Күндіз жылдамдығы 23-28 м/с артуы мүмкін. 27-28 маусымда облыстың солтүстігінде ауа температурасы күндіз 13-18 градус жылыға дейін төмендейді.

28 маусымда Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр, оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 23-28 м/с жетеді. 28 маусымда ауа температурасы күндіз 10-18 градус жылыға дейін төмендейді.


Соңғы жаңалықтар