Жанбота Алдабергенова Әлем кубогі кезеңінің финалына жолдама алды

None
None
РУКА. ҚазАқпарат – Финляндияның Рука аймағында фристайл-акробатикадан Әлем кубогінің кезеңі өтіп жатыр. Қазақстандық атлет Жанбота Алдабергенова іріктеу кезеңінен мүдірмей өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінен мәлім еткендей, іріктеу кезеңінде ол 83,16 ұпай жинап, тоғызыншы орынға тұрақтады.

Қазақстан құрамасының өкілі Маржан Ақжігіт 14-ші, Ақмаржан Қалмұрзаева 18-ші, ал Аяна Жолдас 25-ші орындарға жайғасты.

Айта кетерлігі, финалға 12 спортшы жолдама алады.


Соңғы жаңалықтар