+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.70 EUR 427.15
RUB 6.06 CNY 54.57
Jańalyqtar

Жанболат Мелдешов «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басшылығынан кетті

2019 жылғы 13 тамыз 00:50
Бөлісіңіз:
Жанболат Мелдешов «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басшылығынан кетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жанболат Мелдешов «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның президенті қызметінен босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін Жанболат Мелдешов Халықаралық бағдарламалар орталығының президенті лауазымынан кетті. Ол ұйымға 2006 жылдан бері басшылық етті. Осы уақыт аралығында Орталық қызметінде көптеген оң өзгерістер болды. Бірінші басшының жаңашылдық көзқарасы мен жұмысқа бар ынтасымен берілуінің арқасында Орталық шетелдік серіктестері арасында беделін нығайтты. Шетелдік ЖОО-лар бөлетін гранттар санын еселеп арттыруға қол жеткізілді. Бүгінде Қазақстан азаматтарында «Болашақ» стипендиясынан бөлек тегін жоғары білім алуына мүмкіндік бар. Жыл сайын үздік ЖОО-лардан 20 мыңнан астам грант тартылады. Жанболат Мелдешов бүгінде сапалы білімге ұмтылған қазақстандықтар жемісін көріп отырған жобалардың бастауында тұрды», - делінген Facebook-тегі Bolashak scholarship administrator парақшасында.

Мелдешов Жанболат Жарылқасынұлы 1980 жылы туған, қазақ, жоғары білімді. Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша үздік бітірген және Ресей Халықтар достығы университетін «Менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдаған. Сонымен қатар Ресей Халықтар достығы университетінде «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша аспирантураны аяқтаған. Оқу жылдары Мәскеу Қазақ жастары қауымдастығының президенті және «Мұрагер» Мәскеу Қазақ мәдениеті қоғамы» РҚБ даму жөніндегі директоры қызметтерін атқарған.

Еңбек жолын 2007 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутатының көмекшісі болып бастады. 2007 – 2009 жылдар аралығында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ бас менеджері, бөлім бастығы және вице-президенті лауазымдарын атқарды. Кейінгі жылдары «Білім» білім беру қызметі орталығы» ЖШС директоры, Оңтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастығының орынбасары болып қызмет етті.

2014 жылдан бастап коммерциялық құрылымда жұмыс атқарған.

2016 жылғы 13 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті болып тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлегі (University of Exeter, Master of Public Administration).

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Болашақ, Қоғам,
Бөлісіңіз:

Аударма:

Мира Төлендіқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT