Жаңажол кен орнында зауыттан шыққан өрттен 4 жұмысшы күйіп қалды

None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы Жаңажол кен орнындағы №2 газ өңдеу зауытынан өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1 мамыр сағат 15:55 шамасында 112 пультіне Мұғалжар ауданы Батпақкөл ауылдық округі Жаңажол кен орнынан хабар түскен.

Онда «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ №2 газ өңдеу зауытының аумағында УПЛУ-1 (жеңіл көмірсутектер алу қондырғысы) өртеніп жатқаны айтылған.

Күйік шалған 4 жұмысшы тез арада Темір ауданы орталық ауруханасына жатқызылды.

Зардап шеккендердің жағдайы тұрақты ауыр.


Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановтың тапсырмасымен облыстық ТЖД өкілдері оқиға орнын әуеден тексерді.

Өрт сөндіру бойынша жедел штаб құрылды. Қызыл жалынды сөндіруге 52 құтқарушы мен 9 техника жұмылдырылды.

Оқиғаның себеп-салдары анықталады.

Тілсіз жау 20:35-те оқшауланды, өртті сөндіру жалғасып жатыр.



Соңғы жаңалықтар