Валюта бағамдары:
    usd/kzt 436.29 eur/kzt 492.83

    rub/kzt 5.92 cny/kzt 68.48
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: -24 °С
Алматы: -5 °С

Жаңатастағы 5 бала көз жұмған өрттің алдын ала себебі айтылды

2021 жылғы 20 ақпан 13:14

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Алдын ала мәлімет бойынша, Жаңатаста пәтердегі өрт тез тұтанғыш материалдың бетіне ашық от көзінің түсуінен туындаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Ермек Момбаев хабарлады.

Ол өрт-техника зертханасының алдын ала қорытындысын жариялады.

«Өрт бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы үш бөлмелі пәтерде болды. От балалар бөлмесінде тұтанған. Жалын 16 шаршы метр аумақты қамтыды. Жылжымалы өрт-техникалық зертхана зерттеу жүргізу кезде оқиға орнында жанған сымдар мен электр жабдықтары, пеш немесе басқа да қосымша жылыту құралдары табылмады. Үй орталық жылытуға қосылған», - деп атап өтті ТЖД басшысы.

Арнайы комиссия төрағасы, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбек зардап шеккен отбасына барлық қажетті көмек көрсетілетінін атап өтті.

«Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін облыс әкімінің өкімімен комиссия құрылды, оның құрамына жергілікті атқарушы органдардың, прокуратураның, полиция департаментінің, ТЖ департаментінің және басқа да жауапты мемлекеттік органдардың өкілдері енді. Кешеден бері комиссия мүшелері қайғылы оқиға орнына барып, жұмыс жүргізуде. Біздің тарапымыздан барлық қажетті көмек көрсетіледі, соның ішінде психологиялық көмекті және жерлеу рәсімін ұйымдастыруға қол ұшын береміз», - деп Ұлан Жазылбек зардап шеккен отбасына көңіл айтты.

Еске сала кетейік, кеше Жаңатас қаласында көпқабатты үйден өрт шығып, 5 бала көз жұмған болатын.


Автор:

Сая Сембай

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар