+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Жаңатаста жеті баланың анасы үйінен тігін шеберханасын ашты

2019 жылғы 1 қараша 05:50
Бөлісіңіз:
Жаңатаста жеті баланың анасы үйінен тігін шеберханасын ашты

ЖАҢАТАС. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы Жаңатас қаласының тұрғыны, жеті баланың анасы Аида Ақылбекова өз кәсібін ашып, жемісін көріп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жаңа АӘК: Құжатты қысқа мерзімде өткізу міндетті ме Елордада көпбалалы отбасыға берілетін жалдамалы пәтерлерге құжат қабылдау басталды Жамбылда биыл көпбалалы аналарға арналған 12 жатақхана пайдалануға беріледі

Жамбыл облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ақпаратынша, көпбалалы Аида Ақылбековаға ай сайын 163 мың 826 теңге көлемінде жалпы сомасы 1 миллион 965 мың 912 теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. Алайда ол тек атаулы әлеуметтік көмекке қарап, қол қусырып отырған жоқ. Ол әлеуметтік келісімшарт бойынша жұмысқа орналасуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысып, өз үйінде тігін шеберханасын ашу ісін қолға алды.

«Көпбалалы анаға мемлекет тарапынан қолдау болуы керек, бірақ үнемі әлеуметтік көмек алғаннан гөрі өз бизнесі болғаны дұрыс. Қолыннан іс келсе, өз нәсібіңді маңдай теріңмен тауып жегенге не жетсін. Мен 25 жасымнан бастап құрылысшы-монтажшыдан аспаз мамандығына дейін түрлі курстарда оқыдым. Қолымнан барлық нәрсе келеді деп батыл айта аламын. Үйде жөндеу жұмыстарын да жасай аламын, шашты да әдемілеп қысқартамын, асты да дәмді етіп пісіремін», -деген Аида «бейнеттенгеннің берекесі артады» деген тәмсілді өзіне берік ұстаным етіп алғанын айтады.

Көпбалалы ана АӘК алғаннан кейін қысқамерзімді курстарға қатысып, тігінші мамандығын меңгеріпті. Мемлекеттік грант бойынша қажетті қаржыға қол жеткізіп, тігін машинасын, үтік, үтіктеу тақтасы мен ас пісіретін кәсіби пеш сатып алған. Қазір ол жаңа туған нәрестелерге арналған киім тігу бойынша тапсырыстар қабылдап, нәсібін арттырып отыр. Бұл ғана емес, Аида қыс мезгілінде мектеп асханаларына арнап түрлі тоқаш пісіруді жоспарлап отыр. Кеңже баласы әлі кішкентай болғандықтан көпбалалы ана бұл жұмысты әзірге тек үйінде атқарып отыр.

Айта кетейік, Аида Ақылбекова - кәсібін дөңгелетіп алып кеткен өңірдегі бір ғана көпбалалы ана емес. Осыған ұқсас жағдай Қордай ауданында тұратын бес баланың анасы Меруерт Чораеваның да басынан өткен. Ол шаштараз мамандығы бойынша қысқамерзімді курста оқып, 505 мың теңге көлемінде мемлекеттік грантты алған. Меруерт ол қаржыға сұлулық салонын ашып, жұмысын жандандырып отыр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ғибрат Сембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT