Жаңатаста ірі жел электр станциясы салынуда – Жамбыл облысы

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы Жаңатас қаласының маңынан «Жаңатас» жел электр станциясы салынуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жаңатас» ЖЭС құрылысына жалпы 233 гектар жер бөлінген. Инвестор «China Power International Holding Ltd» компаниясы жүргізіп жатқан жоба құны 130 миллион АҚШ долларына тең.

Жобаның алғашқы кезеңі бойынша 40 жел қондырғысы орнатылып, қуаттылығы 100 МВт-ты құрайды деп көзделген. Ал, екінші кезеңде қуаттылықты 200 МВт-қа дейін ұлғайту жоспарлануда. Жалпы станция жыл сайын желден 340 миллион кВт/с электр энергиясын өндіреді деп болжанып отыр. Өткен жылы бастау алған жоба келер жылы наурыз айында іске қосылатын болады. Қазіргі таңда құрылыс барысында 200 адам тер төгуде, жоба толығымен іске қосылғанда 40 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ.

Бүгінде нысан аумағында жел деректерін өлшеу бойынша 6 құрылғы орнатылған. Тағы да діңгектер орнату үшін 14 іргетас құйылып, қазаншұңқырлар дайындалуда. Жалпы, екі кезең бойынша осындай барлығы 80 құрылғы орнатылмақ. Құрылғылардың биіктігі 100 метрді құраса, айналмалы жел бағаналарының диаметрі 80 метр болады.

Соңғы жаңалықтар