Жаңатас, Қаратау және Шу қалаларында жатақханалар салынады

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Отан қорғаушылар мерекесіне орай Тараз қаласында 80 пәтерлі коммуналдық көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Пәтер кілтін табыстау салтанатына облыс әкімі Асқар Мырзахметов арнайы қатысып, қуаныш иелерін құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Пәтер кілтін иеленгендер қатарында Ұлы отан соғысының ардагері, жетім балалар, әлеуметтік аз қамтылғандар, мемлекеттік және бюджеттік ұйым қызметкерлері бар.

«Облыс көлемінде әрбір мереке қарсаңында жаңа нысандарды пайдалануға беру, халыққа пәтер кілтін табыстау сияқты игі шаралар дәстүрге айналды. 8 наурыз мерекесіне Жаңатас қаласында 60 отбасына пәтер кілті тапсырылса, 1 мамыр мерекесіне орай Тараз және Қаратау қалаларында 120 пәтер тапсырылды. Оның ішінде, 57 пәтер көпбалалы отбасына берілді. Бүгін осы үрдіс жалғасып, тағы 80 пәтер берілгелі отыр. Оның ішінде 35 пәтер көпбалалы отбасына бөлінді»,- деді облыс әкімі өз сөзінде.

Пайдалаунға берілген тұрғын үй «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 2018 жылы тұрғызылған. Құрылысын мердігер «Агроспецстрой» ЖШС-гі жүргізген. Тұрғын үй әлеуметтік жағынан қорғалған топтардың азаматтарына жекешелендіру құқығынсыз беріледі және арендалық айлық төлем көлемі 5500-6000 теңге көлемінде белгіленген.

Сондай-ақ, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясының ХVІІІ съезінде берген тапсырмасы аясында бөлінген қаржы есебінен облыс бойынша 187 отбасына баспана алып беру жоспарланып отыр. Сонымен қатар, тұрғын үй кезегі жеткенше көпбалалы отбасыларын жатақханалармен қамту жұмыстары да қолға алынған. Бұл жұмыстарға жергілікті бюджеттен 2,6 млрд. теңге бағытталып, Тараз, Жаңатас, Қаратау және Шу қалаларында баспанаға мұқтаж деп анықталған осы санаттағы 612 отбасына жатақханалар салынады.
null

Айта кетейік, жалпы бүгінде Жамбыл облысы бойынша пәтер алу үшін кезекте 24 533 адам тұрса, оның 14 046-ы халықтың осал тобын жататындар. Ағымдағы жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында өңірде 12,1 миллиард теңгеге 2 118 көппәтерлі 30 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, 1 988 пәтерлі 28 үй пайдалануға беру жоспарланған.
null

Соңғы жаңалықтар