Жанат Жақиянов соңғы жекпе-жекте қалай жеңіске жеткенін айтып берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін WBA Super мен IBO тұжырымдары бойынша жеңіл салмақтағы әлем чемпионы Жанат Жақиянов Астанада арнайы баспасөз мәслиxатын өткізіп, аталған белбеулер үшін өткен соңғы жекпе-жекте жеңіске қалай жеткені жайында айтып берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Сол жекпе-жекте біздің нақты тактикамыз бен жоспарымыз болды. Алғашқы үш раундта қарсыласты зерттеп алғымыз келді. Алайда ол жоспарымыз іске аспай қалды. Сосын бірден шабуылға көшуге шешім қабылдадық. Оған қоса, қашықтықты сақтап бокстасуға да болмады. Себебі маған қарағанда қарсыласым шапшаң болды. Ол мені алдап түсіретін еді. Сондықтан мен оны барынша тықсырып, қысым жасауға тырыстым. Басқа амалы болмады. Осындай тактикаға көштік. Сөйтіп, біздің жоспарымыз өз нәтижесін берді", - деді Жақиянов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында.

Айта кетейік, жергілікті уақыт бойынша ақпанның 11-і өткен жекпе-жекте Жанат Жақиянов WBA Super мен IBO титулдарының иегері, әлем чемпионы Роши Уорренді жеңіп, екі бірдей белбеуді тартып алды. Бірінші раундта Жанат Жақиянов екі рет нокдаун алса да, таразы басын өз пайдасына қарай ауыстыра білді. Осы жекпе-жектен кейін қазақстандық боксшы Boxing Scene рейтингісінде 9-орыннан бірден 2-ші орынға көтерілді. Жанаттың бапкері Рикки Хаттон кезінде әлемдік бокстың жарқын жұлдызы, бірінші орта салмақтағы IBF, WBO мен IBO бойынша әлем чемпионы болған.

Соңғы жаңалықтар