Жанат Жакиянов СҚО-дағы бокс мектебінің басшысы болды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Жанат Жақиянов Бокстан олимпиада резервінің Солтүстік Қазақстан облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебін басқаратын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Ж. Жақиянов аталмыш мектепте 2007 жылғы қыркүйек айынан бапкер-оқытушы болып қызмет атқарған.

Мектеп ұжымына Жанат Жақияновты директор ретінде Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Руслан Есеналин таныстырып, мекеменің жаңа басшысы мен ұжымына ынтымақты жұмыс тіледі.

«Бокс мектебі алдына үлкен мақсаттар қояды, сондықтан оларға жету үшін бірігіп жұмыс жасау керек», - деді Р. Есеналин.
null 

Ж. Жақиянов кәсіпқой рингке алғаш рет жеңіл салмақта 2007 жылғы тамыз айында шыққан. Бүгінде спортшы EBU (2014-2015) нұсқасы бойынша Еуропа Чемпионы атағына ие. Сондай-ақ,  WBA (2015-2017) нұсқасы бойынша әлемнің уақытша чемпионы,  WBA супер және IBO (2017) нұсқалары бойынша чемпион болған.

Мектептің бұрынғы басшысы Нұрлан Әбдірахманов Петропавлдағы жаңа теннис орталығының директоры қызметіне ауысты.

Соңғы жаңалықтар