Жаңартылған ұлттық бокс құрамасына қай боксшылар енді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - Ақтауда өткен бокстан Қазақстан біріншілігінен кейінгі қорытындыға сәйкес, бас бапкер Мырзағали Айтжанов жаңартылған ұлттық құрама тізімін жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, жаңа команда құрамына ел чемпионатының жартылай финалына жеткен барлық боксшылар енді. Сондай-ақ, жастар құрамасының бірнеше спортшысы да бас құрамаға шақырту алды.

«Ұлттық құрамаға тұңғыш рет қабылданған спортшылар - Сәкен Бибосынов пен Оразбек Асылқұлов. Кейбір салмақтарда үздіктердің орны ауысты, төртінші нөмірлі спортшылар үшінші сатыға өтті. 81 келідегі Әділбек Ниязымбетовтың шаршы алаңмен қоштасқанын білесіздер.

Қалған салмақтарда айтарлықтай өзгеріс жоқ. 49,56,75,91 келі салмақ дәрежелерінде шын мықтылар өз атақтарын қорғап қалды. Ал Ниязымбетовтың орнын Бек Нұрмағанбет басады деп сеніммен айтамын», - деді Айтжанов.

Бокстан Қазақстан командасының толық құрамы:

49 келі

Теміртас Жүсіпов

Ермек Мәдиев

Жандос Несіпжан

Жомарт Ержан

52 келі

Әнуар Мұзапаров

Сәкен Бибосынов

Азат Махметов

Абай Қуандықов

56 келі

Қайрат Ерәлиев

Оразбек Асылқұлов

Жанболат Қыдырбаев

Нұрбол Қалжанов

60 келі

Зәкір Сафиуллин

Саматәлі Толтаев

Серік Теміржанов

Бағдат Уайдиев

64 келі

Санатәлі Толтаев

Бекдәулет Ибрагимов

Сабыржан Бекбергенов

Талғат Шайкен

69 келі

Абылайхан Жүсіпов

Асланбек Шымбергенов

Мәулен Өскенбек

Ермахан Жакпеков

75 келі

Әбілхан Аманқұл

Ерік Әлжанов

Тұрсынбай Құлахмет

Нұрбек Оралбай

81 келі

Бек Нұрмағанбет

Михаил Коханчик

Тимур Ержанов

Нұрлан Сабыров

91 келі

Василий Левит

Бекзат Нұрдәулетов

Абзал Құттыбеков

Айбек Оралбай

+ 91 келі

Қамшыбек Қоңқабаев

Нұрлан Сапарбай

Айболды Дәуренұлы

Дамир Тойбай

 

Соңғы жаңалықтар