Жаңартылған рейтинг: Головкин әлемдегі 15 үздік боксшы қатарында

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Танымал World Boxing News басылымы салмақ дәрежесіне қарамастан (pound-for-pound) әлемнің ең үздік 50 боксшысының рейтингін ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Үздік үштік өзгеріссіз қалды: бірінші орында украиналық Александр Усик, екінші орында жапон боксшысы Наоя Иноуэ және мексикалық Сауль «Канело» Альварес. Рейтингідегі Қазақстанның жалғыз өкілі Геннадий Головкин 15-ші орнында қалды.

WBN-нің P4P нұсқасы бойынша үздік 15 боксшы тізімі төмендегідей:

1. Олександр Усик (Украина)

2. Наоя Иноуэ (Жапония)

3. Сауль «Канело» Альварес (Мексика)

4. Эррол Спенс (АҚШ)

5. Тайсон Фьюри (Ұлыбритания)

6. Теренс Кроуфорд (АҚШ)

7. Дмитрий Бивол (Ресей)

8. Девин Хэни (АҚШ)

9. Джермелл Чарло (АҚШ)

10. Роман Гонсалес (Никарагуа)

11. Джервонта Дэвис (АҚШ)

12. Василий Ломаченко (Украина)

13. Хуан Эстрада (Украина) Мексика)

14. Шакур Стивенсон (АҚШ)

15. Геннадий Головкин (Қазақстан).

Айта кетсек, бұған дейін хабарлағанымыздай, Сауль Альварес пен Геннадий Головкин арасындағы жекпе-жек 18 қыркүйекте Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 9:00-де басталады.


Фото: xsport.ua

Соңғы жаңалықтар