Жаңартылатын энергия көздерінің нысанын салуға жер телімі ерекше жағдайда бөлінеді - Н. Қаппаров

None
None
АСТАНА. 13 маусым. ҚазАқпарат - Жаңартылатын энергия көздерінің нысанын салуға жер телімі ерекше жағдайда бөлінеді.

Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров осылай мәлім етті. Еске сала кетейік, Сенат отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланған болатын.

Министр баяндама барысында елімізде жаңартылатын энергия көздерінің бірқатар жобалары негізінен жер учаскелерін осы мақсатта пайдалануға рұқсат алудың қиындығына байланысты жүзеге аспай отырғанын мәлімдеді. Мысалы, Н. Қаппаровтың айтуынша, өзен алқаптары мен олармен іргелес жатқан орман қорына кіретін учаскелерде шағын су электр стансаларының құрылыстары қиындықтарға ұрынып отыр. Бұл үшін шағын СЭС салу үшін ондай аумақта орналасқан жер телімдерін орман қорынан шығарып, басқа санаттарға ауыстыру қажет. Дәл осындай қиындықтар жел электр стансаларын салуға байланысты да орын алуда.

«Жер кодексіне сәйкес, жердің нысаналы мақсатын өзгертуге байланысты оны бір санаттан екінші санатқа ауыстыру Үкімет пен жергілікті атқарушы органдарға берілген. Алайда, кодексте жаңартылатын энергия көздері нысандарының құрылысына белгілі санаттағы жерлерді бөлу көзделмеген. Сол үшін жаңартылатын энергия көздерінің түрлі нысандарын салу мақсатында ерекше жағдайларда жер бөлу бойынша толықтыру енгізіледі», - деді Н. Қаппаров.

Соңғы жаңалықтар