Жанартаудың атқылауынан Сицилия әуежайында авиарейстер тоқтатылды
09:06, 22 Мамыр 2023
РИМ. ANSA - ҚазАқпарат - Катания әуежайының басқарушы компаниясы Этна жанартауының атқылауы мен жанартау күлінің түсуіне байланысты қауіпсіздік жағдайлары қалпына келтірілгенге дейін әуе рейстері тоқтатылғанын мәлімдеді. Бұл туралы ҚазАқпарат ANSA ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.