Жанармайдың ішкі нарығын заң жүзінде қорғау қажет – Ахметжан Есімов

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда өткен Қазақстан мұнайының 120 жылдығына арналған кеңесте «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов бірқатар түйіткілді мәселелерді атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде Қазақстанда жанар-жағармай бағасы көршілес өзге мемлекеттермен салыстырғанда екі есе арзан. Нәтижесінде көлеңкелі экспорт туындайды – жағармай кетіп жатыр, одан елде тапшылық болуда. Жанар-жағармайдың іргелес нарықтарға жылыстауын болдырмау үшін заңнамалық деңгейде қорғаныс механизмі қажет. Осылайша, жергілікті нарықты қорғай аламыз», - деді Ахметжан Есімов.

Оның айтуынша, икемді салық саясатын қажет етіп отырған тозған кен орындарының проблемасы да заңнамалық қолдауға мұқтаж.

«Ресей бұған көшіп үлгерді. Онда қиын табылатын мұнайды өндіру бүгінде тиімді болып отыр», - деп қосты А.Есімов.

Компания басшысы атап өткендей, жаңа кен орындарымен салыстырғанда ескі кен орындарындағы жұмысшылар саны әлдеқайда көбірек.

Айта кетейік, Атырауда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен мұнай-газ саласын дамыту мәселелеріне арналған кеңейтілген кеңес өтті.

Соңғы жаңалықтар