Жанармайды елден әкету: Полицейлер екі өңірде көліктерді тексеріп жатыр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 10 сәуірден бастап Жамбыл және Түркістан облыстарында ішкі істер органдары көліктік бақылау инспекциясымен бірлесіп, жанар-жағармайды елден әкетуге жол бермеу бойынша рейд жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері тиісті рұқсатсыз қосымша жанармай бактарын орнатып алған көліктерге баса назар аударады.

«Бұл құқықбұзушылық үшін ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 590-бабы 7-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылады (Тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқару). Іс-шараның үш күнінде осындай құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 57 жүргізуші жауапқа тартылды, 21 әкімшілік материал бойынша көлік құралдарын одан әрі пайдалануға тыйым салынды», - делінген мәліметте.


Соңғы жаңалықтар