Жанармай талондарын арзан бағамен сатқан лауазымды тұлға 6 жылға сотталды

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қаржылық мониторинг агенттігі Қостанайда жанар-жағармай талондарын заңсыз сату фактісін анықтады. Бұл туралы ҚазАқпарат Агенттікке сілтеме жасап хабарлайды.

«Қостанай жылу-энергетика кәсіпорны» МКК механикаландыру қызметінің басшысы қызметтік бабын пайдаланып, жанар-жағармай талондарын ұрлап, жеңілдетілген бағамен әртүрлі тұлғаларға сатып жіберген. Бұрынғы басшы 2020 жылдың қазанынан 2021 жылдың желтоқсанына дейінгі аралықта 2,5 мың литрден астам АИ-92 маркалы бензинге және 100 мың литрге жуық жазғы дизель отынына талондарды ұрлап, 18,5 млн теңге материалдық залал келтірген.

Сот қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 6 жыл шартты мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындалды, сонымен қатар ол барлық белгіленген мерзімге пробациялық бақылауға алынды.


Соңғы жаңалықтар