+7 (701) 759 90 19
USD 385.55 EUR 426.57
RUB 6.05 CNY 54.77
Jańalyqtar

Жанармай бекеттеріне 10 млн теңге айыппұл салынды - Түркістан облысы

2018 жылғы 17 шілде 11:52
Бөлісіңіз:
Жанармай бекеттеріне 10 млн теңге айыппұл салынды - Түркістан облысы

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында жанармай сататын бекеттерге 10 млн теңгеден аса айыппұлдар салынды. Бұл туралы ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы (Түркістан облысы - авт.) бойынша департаментінің баспасөз қызметіне сіллтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Департаменттің хабарлауынша, өңірде АИ-92/93 маркалы бензинді көтерме саудада сататын нарық субъектілерінің бағаларды (тарифтердi), жеңiлдетулерді, үстеме ақыларды (қосымша ақыларды) және (немесе) үстеме бағаларды белгiлеуге немесе ұстап тұру фактісі бойынша тексеру шаралары жүргізілген. Нәтижесінде бәсекелестікті қорғау саласында түрлі заңбұзушылықтар анықталған.

«Департаменттің тергеп-тексеруге лауазымды тұлғасымен Түркістан облысында АИ-92/93 маркалы бензинді көтерме саудада сататын 7 нарық субъектілеріне қатысты Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 159-бабы 1-бөлігіне сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Нәтижесінде, Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік соты және Сарыағаш ауданының мамандандырылған әкімшілік сотымен барлығы 8 313 919 теңге монополиялық кірістерін тәркiлей отырып, монополистiк қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде алынған кірістен 10 273 262 теңге мөлшерiнде айыппұл салынды» делінген хабарламада.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT