Жанармай құю бекетінің жанынан нәресте табылды - Қостанай

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Рудный қаласындағы жанармай құю бекетінің маңынан жаңа туған сәби табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат  облыстық денсаулық сақтау басқармасының қоғаммен байланыс бөліміне сілтеме жасап.

«9 қыркүйекте сағат 22.25-те  Сандригайло көшесіндегі жанармай құю бекетінің жанынан жаңа туған нәресте табылғаны жөнінде хабар келіп түсті. Сәбидің салмағы шамамен 3 келі, бойы - 50-52 см», - деді басқарма маманы Ксения Жылқыбаева.

Белгілі болғандай, қыз баланы жанармай стансасының артқы жағындағы ағаштардың арасына тастап кеткен. Қазір ол Рудный қалалық перинаталды орталығында жатыр. Жағдайы бірқалыпты. 

Соңғы жаңалықтар