Жанармай бағасының қымбаттауы азық-түлік құнына қалай әсер етеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елімізде жанармай қымбаттаса, азық-түлік бағасы өсе ме? Бұл сауалға Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Баға өсімі тауардың түріне қарай әсер етеді. Жеңіл тауар болса аса қымбаттамайды, ірі өнімдерге баға тиісінше өсуі мүмкін. Жанар-жағармай бағасы өскен жағдайда, мысалы қантқа әсері - 5 пайыз, ал күнбағыс майы - 2,4 пайызға өседі деген болжам бар. Шамамен 15-17 теңгеге қымбаттауы мүмкін. Тағы бір айта кетерлігі, тауар өндіруші ірі кәсіпорындар қазір бензин, дизельмен жұмыс істемейді. Олар газға көшкен. Ал газдың бағасы әзір өспейді», - деді Серік Жұманғарин Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.

Оның айтуынша, жанар-жағармай бағасының өсуі азық-түлік құнының артуына айтарлықтай әсер етпейді.

«Биыл күзгі егіс жұмыстарына 413 мың тонна дизель отыны бөлінді. Ол арзандатылған бағамен литрі 204 теңге болады. Бұл баға өзгермейді. Сондықтан жанар-жағармай бағасының өсуі азық-түліктің қымбаттауына аса әсер етпейді. Қазір елімізде баға тұрақты, осы орайда бірден өсіруге негіз көрмей тұрмын. Оның үстіне бізде азық-түлік қоры бар», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар