Жанармай бағасының қымбаттауы азық-түлік бағасына әсер ете ме

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы азық-түлік бағасы іргелес облыстардағы фермерлердің жағдайына байланысты. Бұл туралы қалалық инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмырзаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бізде, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша фермерлер жоқтың қасы. Сондықтан баға мәселесі басқа өңірлердегі фермерлердің экономикалық жағдайына келіп тірелуі мүмкін. Бізге өнімнің барлығы азық-түлік белдеуінде жатқан Ақмола, Павлодар, Қарғанды, Түркістан облыстарынан келеді. Яғни транспортпен тасымалдау құны әсер етпесе одан басқа әсерін көріп отырған жоқпыз», - дейді әкімдік өкілі.

Ерлан Бекмырзаев жанармай бағасы азық-түлік бағасына әсер ете қалған күннің өзінде бұл шаруа министрлік деңгейінде шешілетінін түсіндірді.

«Біз азық-түлік бағасына қатысты ғана шара қолдана аламыз. Жанар-жағармайдың бағасы министрлік тарапынан қадағаланады», - деді басқарма басшысы.


Соңғы жаңалықтар