+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

Жаңарған Мәжілістің кәсіби деңгейде жұмыс жасауына толық мүмкіндік бар – Еділ Жаңбыршин

2021 жылғы 14 қаңтар 13:17
Бөлісіңіз:
Жаңарған Мәжілістің кәсіби деңгейде жұмыс жасауына толық мүмкіндік бар – Еділ Жаңбыршин

АҚТАУ. ҚазАқпарат - «Nur Otan» партиясынан Мәжіліс депутаттарының тізіміне енген маңғыстаулық Еділ Жаңбыршин төменгі палатаның құрамына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мақсаттарды орындау VII шақырылған Парламент депутаттарының қолынан келеді - Нұртөре Жүсіп Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты депутаттарының тізімі жарияланды Мәжілісте парламенттік көпшілік және парламенттік оппозиция бойынша кеңестер өтуде

«Парламент Мәжілісінің 7-ші жаңа шақырылымы әлі жұмысын бастаған жоқ, сондықтан оның кәсібилігін бағалау әлі ертерек болар. Дегенмен айта кететін жайт, біздің партия тарапынан ұсынылған азаматтар денсаулық сақтау және білім мекемелерінде, мемлекеттік қызметте, үкіметтік емес ұйымдарда, БАҚ-да, өндірісте, ауыл шаруашылығында, бизнесте және басқа да салаларда қызмет жасаған кәсіби жағынан біліктілігі жоғары, тәжірибелі мамандар. «Nur Otan» партиясының депутаттық корпусының ішіне Мәжілістің 6-шы шақырылымының депутаттары да кірген және оған бірнеше ғылым докторлары мен кандидаттарын қосыңыз. Жалпы айтқанда, жаңарған Парламент Мәжілісінің кәсіби деңгейде жұмыс жасауына толық мүмкіндік бар», - деді Еділ Жаңбыршин.

Оның айтуынша, партия өзін модернизациялауды қолға алып, жаңа бағыттағы жұмыстарды бастап кетті.

«Біріншіден, партия Тәуелсіздік алған жылдарда елдегі тұрақтылық пен бейбітшілікті қамтамасыз етті. Екіншіден, елде жоспарлы экономикадан, нарықтық экономикаға өту үшін біраз реформаларды іске асырды. Соның арқасында Қазақстан шикізат өндіретін елден, индустриалды экономикасы бар елге аяқ басты. Жаңа заманауи технологиялармен жабдықталған өндіріс ошақтары және тұрақты жұмыс орындары ашылып жатыр.Үшіншіден, адами капиталды дамытуға айтарлықтай мүмкіндіктер жасады. Төртінші, энергоресурстарды және байланыс коммуникацияларын елді мекендерге жеткізу үшін инфрақұрылымды дамытты, сондай-ақ тұрғын үй мәселесін шешуді іске асыруда.

Бесінші, әлеуметтік жағдайлары төмен отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қажетті көмек көрсетуде. Алтыншы, халыққа азық-түлік пен тұрмыстық бұйымдардың қолжетілімділігін қамтамасыз етті. Жетінші, партия өзін модернизациялауды қолға алып, жаңа бағыттағы жұмыстарды бастап кетті. Оған бір мысал,партияішілік праймериз арқылы ел арасынан беделді азаматтарды таңдап, Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттарға үміткерлерді ұсынды. Партиямыздың тізімімен Парламенттің төменгі палатасына енген 76 депутаттың 36-сы праймериз арқылы өңірлерде жеңіп шыққан азаматтар, - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қаракөз Марат

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT